Мемлекеттік шекарада шетел азаматының көлігінен есірткінің ірі партиясы табылды

Сурет: gov.kz
ҰҚК есірткі заттарының ірі партиясын Қазақстан Республикасына кіргізу әрекетінің жолын кесті. 2023 жылғы 6 наурызда Түркістан облысы Сарыағаш ауданы аумағының "Жібек жолы" өткізу пунктінде шекара наряды шетел азаматы жүргізіп келе жатқан автокөлікті тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, көлікті тексеру барысында жанармай құятын бөлігінде жасырылған 14 келіге жуық есірткі және психотроптық заттар табылды. Оның ішінде 5 келі 290 грамм героин, 792 грамм апиын және 5 келі 335 грамм гашиш, сонымен қатар 1 келі 962 грамм синтетикалық есірткі табылды.

Сурет: gov.kz

Бұл факт бойынша материал ҚР ҚК 297-бабының 3-тармағы бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

"Өзге ақпарат тергеу мүддесінде ҚР ҚК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды. ҚР Бас көлік прокуратурасымен бірге есірткі контрабандасы арналарының жолын кесу бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр". ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Алматы облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Еңбекшіқазақ ауданының учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, Бөлек ауылының аумағында синтетикалық есірткі жасау зертханасын анықтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі