Шымкентте санитарлық талапты сақтамаған 12 нысанға шағым түскен

2022 жылы тамақтану орындарында санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін 12 кәсіпкердің үстінен шағым түскен. Бұл туралы Шымкент санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Райымқұлұлы айтты, деп хабарлады Zakon.kz.

Алдарқұл Райымқұлұлының айтуынша, талапты сақтамаған қоғамдық орындарда арнайы тексеру жұмыстары жүргізілген. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.

Қоғамдық тамақтану орыны тұрғындарға қызмет көрсетуі үшін қолында міндетті түрде санитарлық эпидемиологиялық қорытынды болуға тиіс.

2022 жылдағы көрсеткіш бойынша рұқсатсыз жұмыс істеген бір нысан анықталса, тамақтану орындарында санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін 12 кәсіпкердің үстінен шағым түскен.

"12 шағым бойынша тексеру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде талаптарды сақтамағаны үшін алты кәсіпкердің үстінен хаттама толытырып, шара қолданылды".  Шымкент санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Ахметов

Мамандардың сөзінше, сапасыз астан улану жағдайы тек қоғамдық тамақтану объектілерінде емес, үйде де болуы мүмкін. Әсіресе, мереке күндері, сондықтан алдағы Наурыз мейрамын тойлау кезінде азық-түлік, оның ішінде әртүрлі тез бұзылатын аспаздық және кремді кондитерлік өнімдерді сатып алғанда абай болған жөн. 

"Шымкентте 2018 жылы құйылмалы балмұздақтан жаппай улану жағдайы көбейіп, көп адамның денсаулығына зиянын тигізді. Сол себепті нысандарыңыздың санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болуын және бұзушылықтарға жол берілмеуін жіті қадағалау қажет екенін ескертеміз! Сонымен қатар жуу, тазалау және залалсыздандыру құралдарының болуына, пайдаланылуына қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз".Шымкент санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Ахметов

Нысандарда тексеру жұмыстары тек арыз-шағымның негізінде санитар дәрігерлер тарапынан жүргізіледі. 

Шымкент Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: