Иранда оқушы қыздарды газбен улады деген күдікпен 110 адам қамауға алынды

Сурет: pixabay
Иран билігі соңғы кездері елде оқушы қыздардың улану фактісі жиілеп кетті деген күдікпен 110 адамды қамауға алды, олар сол арқылы қыздардың мектепке баруына жол бермей отыр деген болжам бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қыздардың уланғаны туралы алғашқы дерек 2022 жылғы қарашада Тегеранға жақын орналасқан Кум қаласында тіркелді. 18 оқушы ауруханаға жеткізілді, деп жазды Sky News.

Оқушылардың бірі аяғын жүрмей қалғанын айтса, басқалары тыныс алу қиындағанын айтып шағымданған. Кейбір ата-аналар балаларын мектепке жіберуден бас тартты.

Кумдағы жағдайдан кейін бірнеше апта ішінде Тегеран мен Боруджерд қаласында соған ұқсас деректер тіркелді.

Дегенмен наурыз айының басынан бері уланулар саны күрт өсті. 6 наурызда елдің 31 провинциясының 23-інен хабарламалар келіп түсті.

Оқиғаларды зерттеген үкіметтік комиссия 25 провинциядағы 230 мектепте 5 мыңға жуық оқушы өзін нашар сезініп шағымданғанын айтты. Ақпараттық-насихаттау тобы олардың саны 7000-нан асып кеткенін мәлімдеді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі