Бюллетеньді туыстарына берген: Бас прокуратура сайлаудағы бұзу фактілері туралы

Сурет: Zakon.kz
Телемарафонда Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау департаментінің басшысы Азамат Сарғазин дауыс беру кезінде қандай заң бұзушылықтар анықталғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азамат Сарғазин сайлау учаскелеріндегі заң бұзушылықтар туралы айтты.

"Комиссия мүшелері сайлау учаскелеріндегі сайлаушылардың өтініші бойынша туыстарына дауыс беруге арналған бюллетень беруге жол беріп, тең сайлау құқығы талаптарын бұзды. Оларды берген комиссия мүшелерінің барлығы сайлау учаскелеріндегі жұмыстан дереу шеттетілді. Қазір жергілікті прокурорлар оларды ӘҚБтК-нің 110-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту шарасын қолданып жатыр".Азамат Сарғазин

Оның айтуынша, басқа сайлаушыға дауыс беру арқылы тең сайлау құқығы талабын бұзғандар да Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 108-бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылады.

Бүгін, 19 наурызда Қазақстанда мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. 16.10-дағы жағдай бойынша Қазақстандағы сайлауға сайлаушылардың 51,98%-ы қатысты.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз