КТК телеарнасының хабарлауынша, іздеу жұмысына аудан мен облыстың құтқарушылары жұмылдырылған. 150-ге жуық ауыл тұрғындары да Нұрикамал Нұрхатқызын іздеуге ат салысып жатыр.
Іздестіру жұмыстарына иісшіл иттер де тартылған, алайда кеше жауған жаңбыр да кесірін тигізген.
Баланың туыстары көрші ауданнан қосымша күш тартуды сұрап отыр. Ал құтқарушылар ағысы қатты Арыс өзенін сүзіп шығу қиын екенін айтады.
"Әзірше іздеу нәтижесіз. Арыс өзені таудан бастау алады. Қазір секундына 50 текше метр су өтіп жатыр. Ағысы өте қатты және иірім жері өте көп. Осыған байланысты іздеу жұмыстарын қиындатып тұр".Түркістан облысы ТЖД басқарма басшысы Талғат Досалиев