Астанада Qnet қаржылық пирамидасын құрды деген күдікті ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп "Qnet" қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Бұл компания Астана мен Ақмола облысының аумағында 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жұмыс істеген.

Күдікті жеке тұлғалардан тартылған қаражатты кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, "Qnet" қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастырды. Схема бойынша ескі салымшыларды жаңа келгендердің жарналары есебінен қайта бөлу және байыту арқылы жүзеге асырылды.

"Qnet" халықаралық компаниясының қызметі желілік маркетинг және электрондық коммерция қызметі түрінде жасырылды.

Бірқатар шет елдерде "Qnet" компаниясы қаржы пирамидасы деп танылды, сондай-ақ оны ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялар тізіміне енгізді.

Өкілетті органның қорытындысына сәйкес компания салымшыларынан түскен түсім сомасы 463 млн. теңгені құрады.

Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге 2 айға «қамауда ұстау» шарасына санкция берді.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын қашан жасайтынын айтты

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді