Беларусь аумағында тактикалық ядролық қаруды сақтайтын қойма салынады

Сурет: kremlin.ru
Ресей президенті Владимир Путин Беларусьте тактикалық ядролық қаруды сақтайтын арнайы қойманың құрылысы 1 шілдеге дейін аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"3 сәуірден бастап экипаждарды оқытуды бастаймыз. Ал 1 шілдеде аумақта тактикалық ядролық қаруды сақтайтын арнайы қойманың құрылысын аяқтаймыз", - деді Путин журналист Павел Зарубинге "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында. 

Онда стратегиялық шабуыл қаруларын одан әрі қысқарту және шектеу жөніндегі шаралар туралы шарт (ДСНВ, СНВ-III) бойынша міндеттемелерді бұзбай, тактикалық ядролық қару орналастырылатыны атап өтілді.

Путиннің айтуынша, мұндай қадамға Ұлыбританияның Украинаға таусылған ураны бар оқ-дәрілерді жеткізу туралы мәлімдемесі себеп болған. Бұл ретте Ресей басшысы Беларусь Ресейдің ядролық қаруын өз аумағында орналастыруды бұрыннан сұрағанын атап өтті. Ол Мәскеу Америка Құрама Штаттарының ондаған жылдар бойы жасап жатқанын қайталап отырғанын айтты.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі