Маңғыстауда жолды жауып тастаған ауыл тұрғындарына мұнайшылар үндеу жолдады

Сурет: видеодан алынды
"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ жолды жауып тастаған тұрғындарға қаратып мәлімдеме жасады. Олардың айтуынша, мұндай заңсыз әрекеттер 4500-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын қызметіне кедергі келтіруі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz басылымы қазіргі уақытта 450-ге жуық автокөліктің (арнайы техника, жеңіл автомобильдер және жұмысшыларды тасымалдайтын автобустар) жүрісіне кедергі келтірілгенін нақтылайды. 

"Жиналғандарды жалпы Маңғыстау облысының, атап айтқанда, жоғарыда аталған мұнай кәсіпорнында жұмыс істейтін Қарақия ауданының халқы үшін теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеліп соғуы мүмкін болғандықтан мұнай кәсіпшілігі жұмысына кедергі жасамауға шақырамыз", делінген хабарламада.

27 наурызда Жетібайдың жұмыссыз тұрғындары жолды жауып тастағаны белгілі болды. Олар осы өңірдегі мұнай-газ саласына жұмысқа орналасуды талап етіп, ауыл әкімдігінің алдына жиналған. 

 

"Жергілікті атқарушы органдар тарапы мұнай-газ саласына жұмысқа орналастыру мұнай компанияларындағы бос жұмыс орындарына сәйкес жүргізіліп жатқанын түсіндірді. Алайда, азаматтар тез арада жұмысқа орналастыруды талап етіп, заңсыз наразылық акциясын ұйымдастырып, Жетібай №6 мұнай кәсіпшілігіне апаратын жолды жауып тастады. Қоғамдық тәртіпті бұзып, көліктер мен адамдардың жүріп-тұру еркіндігін шектеді", - дейді Қарақия ауданының әкімдігі.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды