Ақтөбе облысында пышақталған бүтін отбасы оқиғасына қатысты тың дерек жарияланды

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбеде бүтін бір отбасын пышақтап кеткен қандықол күдікті іздестіріліп жатыр. Ол 35 жастағы келіншек пен оның 16 жастағы ұлын өлтіріп, 13 жастағы қызды ауыр жаралаған. Бес жерінен жарақат алған оқушы қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауыр қылмысқа барған күдіктінің кім екені белгісіз. Тіпті мұндай қылмысқа не үшін барғаны да белгісіз. Қазір тәртіп сақшылары тайлы-тұяғымен бір отбасын қырып тастаған қаныпезерді іздестіріп жатыр. Марқұм келіншек осыдан бес-алты жыл бұрын күйеуінен ажырасып кеткен. Күні кеше сол күйеуі өз үйінде асылып өліпті. Енесі қаралы хабарды таң ата тәртіп сақшыларынан естігенін айтады. Онымен қоса келіншектің қайын ағасын тергеуге алып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Жедел тергеу тобы пәтерден 35 жастағы әйелдің және 16 жастағы ұлының зорлықпен өлген белгілері бар мәйітін тапты. Сонымен қатар қаза тапқан әйелдің 13 жастағы қызы пышақталған, ол балалар ауруханасына жансақтау бөліміне жатқызылды". Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов

Қансыраған оқушы қызды дәрігерлер аман алып қалды. Оны қылмыскер бауыздамақ болған көрінеді. Дәрігерлер оның бес жерден пышақталғанын айтып отыр.  

"Мойны кесілген. Ота жасалды. Қазір жалпы жағдайы тұрақты ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр". Ақтөбе облысы балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапақов

Марқұм келіншектің қайын ағасы тергеуге алынып жатқаны белгілі болды.

"Таңғы сағат жеті шамасында тергеу бөлімінен адамдар келіп, ұлымды алып кетті. Сол кезде осы оқиға туралы білдім. Кеше ғана ұлым өзіне қол салып қайтыс болған еді. Жарақат алған София есімді немерем тірі қалды. Оны әлі маған көрсетпеді".Ақтөбе тұрғыны Татьяна Игнатьева

Тәртіп сақшылары күдіктілерді іздеп жатыр. Кімнің осыншама қатыгездікке барғаны әзірге белгісіз. Полиция департаментіндегілер оқиғаға қатысты кісі өлтіру бабымен іс қозғаған.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты