Павлодар оқушылары шетел фильмдерін қазақша дыбыстады

Сурет: gov.kz
Екібастұзда еліміздегі тұңғыш балалар дубляж студиясы ашылды. Онда оқушылар шетелдің танымал мультфильмдерін өздігінен қазақшаға аударып, дыбыстайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Студия шетелде үздік деп танылған "Сәттілік" мультфильмін қазақша дыбыстап, жергілікті кинотеатрда көрермен назарына ұсынбақ. Сонымен қатар топ алдағы уақытта еліміздің анимациялық студияларымен бірлесіп жұмыс істеуді де жоспарлап отыр. Дубляждау студиясының негізін қалау "Қайнар" оқу-сауықтыру кешенінің педагогы Еркін Құсанның идеясымен жүзеге асқан.     

"Былтыр мамыр айында "Ұлттық колорит" үйірмесін ашып, мемлекеттік тілдегі медиаконтентті іске қостық. Жазғы демалыс уақытында "Бэймакс" мультфильмінің бірінші бөлімін қазақ тіліне тәжімалап, дыбыстап көрдік. Мыңдаған қаралым жинаған нәтиже көрерменге де, өзімізге де ұнады", – дейді педагог.

Дайын жоба "Тәуелсіздік ұрпақтары" байқауына ұсынылған еді. Жоба үздіктердің қатарынан көрініп, 3 миллион теңге көлеміндегі мемлекеттік грантты ұтып алды. Бұл қаражатқа педагог оқушыларымен бірге 50 жеткіншек қатыса алатын жаңа дубляждау студиясын ашып, жабдықтаған. Бүгінде дубляж қыр-сырын меңгеріп жүрген оқушылар жаңа бастамаларды ойластырып жүр.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады