Түркістан облысынан 94 рет бензин мен дизель отынын әкетуге әрекеттенген

Сурет: ҚР ІІМ
Қазақстаннан бензин мен дизель отынын заңсыз әкету тоқтатылды. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кеден бекеттері мұнай өнімдерін заңсыз әкету бойынша 94 фактіні анықтаған.

«Осы фактілер бойынша сот 1,5 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салып, 2 341 литр бензин, 25 335 литр дизель отыны тәркіленді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, елде автомобиль көлігімен Қазақстан аумағынан бензин, дизельдік отын мен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін шығаруға алты ай мерзімге тыйым салынған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Алматы хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған әйел жазалануы мүмкін