Шымкент - Астана рейсінің ұшақ бортында 7,6 млн теңге қолды болды
Сурет: polisia.kz
Криминалдық полиция қызметкерлері әуе кемесінің бортында ұшу кезінде жасалған аса ірі көлемдегі ақша ұрлығын ізін суытпай ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, аталған қылмысты жасады деген күдікпен екі шетел азаматы анықталып, ұсталды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдіктілер Шымкент – Астана бағытындағы әуе рейсі кезінде жәбірленушінің салғырттығын пайдаланып, оған тиесілі 7,6 млн теңгені жасырын түрде жымқырған.
"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілердің жеке басы анықталып, олар ұсталды. Ұсталғандар өз кінәларын мойындап, қамауға алынды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар шетел азаматтарының осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр",- делінген полицейлердің ақпаратында.
Бұған дейін Алматы тауларында жас жігіт квадроциклмен апатқа ұшырап, көз жұмғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript