Тараздық азамат қара нарықтағы құны 2,7 миллион теңге тұратын есірткі затымен ұсталды

Тараздық азамат қара нарықтағы құны 2,7 миллион теңге тұратын есірткі затымен ұсталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2026 15:30 Сурет: polisia.kz
Таразда ер адамнан аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 29 жастағы шетел азаматын ұстады. Жеке тінту кезінде одан ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған, оқшаулағыш таспамен оралған 10 түйіншек табылып, тәркіленді. Сонымен қатар жақын маңдағы еденнен дәл осындай тағы 18 түйіншек анықталды.

"Күдіктінің уақытша тұрып жатқан мекенжайында жүргізілген кейінгі тінту барысында полиция қызметкерлері өзіне тән иісі бар ақ түсті ұнтақ зат салынған тағы 109 түйіншекті тәркіледі. Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат "Альфа-PVP" синтетикалық есірткісі болып танылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 59,01 грамды құрады. Алдын ала бағалау бойынша оның қара нарықтағы құны 2,7 миллион теңгеден асады. Аталған дерек бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды",- делінген ақпаратта.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ер адам заңсыз табыс табу туралы ұсынысты Telegram мессенджері арқылы алған. Ол есірткіні тарату үшін алдын ала дайындалған түйіншектерді Алматы қаласынан алып, оларды Тараз қаласының аумағында өткізуді жоспарлаған. Алайда оның заңсыз әрекетінің жолы полиция қызметкерлерінің жедел жұмысының нәтижесінде дер кезінде кесілді.

Бұған дейін Ақтауда ірі көлемдегі есірткі партиясын тасымалдау әрекеті тоқтатылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: