Шымкентте ер адамнан 3 келі "синтетика" тәркіленді

есірткі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2023 23:12 Сурет: видео скрині
Шымкент полицейлері есірткі өткізушіні құрықтады. Ер адамнан аса ірі мөлшерде "синтетика" тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында өткізілген арнайы операция барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері психотроптық заттарды өткізумен айналысып жүрген тұрғынды анықтады.

Полицейлер ​түнгі уақытта Абай ауданының аумағында 24 жастағы азаматтың басқаруындағы автокөлікті тоқтатты. Кинология орталығының қызметтік итінің көмегімен Toyota Camry көлігінің жүк салғышынан ішінде ақ түсті ұнтақ тәріздес заттары бар скотчпен оралған үлкен пакет табылды. Сонымен қатар жүргізушінің телефонынан есірткі құралдары жасырылған орындардың координаттары анықталды.

Сараптама қорытындысымен, тәркіленген зат аса ірі мөлшерге жататын, салмағы 3 келі болатын мефедрон синтетикалық есірткісі екені дәлелденді. Ұсталған ер адам автокөлікті есірткі құралдарымен заңсыз жұмыс істеу мақсатында уақытша жалға алған. Ол ҚР Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен күдікті деп танылып, қамауға алынды. Қазіргі таңда осы жайт бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: