Ақтауда ер адамнан қару-жарақ тәркіленді

қару-жарақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2023 00:27 Сурет: polisia.kz
Ақтауда ер адамнан жауынгерлік тапаншаға ұқсас зат және патрондар табылды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

27 шілдеде Маңғыстау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен сағат 20:40 шамасында Ақтауда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 23 жастағы азаматтың барсеткасын жеке тінту кезінде жауынгерлік тапаншаға ұқсас зат табылды. Kia Sportage көлігін тексеру кезінде 60 дана РАК маркалы 9 мм патрон тәркіленді.

Ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша жатын бөлмесіне тінту жүргізу барысында бір атаусыз травматикалық тапанша, 720 РАК 9 мм, 40 Барнаул, 30 Гром, 12 калибрлі 6 "10Х24" деген жазуы бар 18 патрон табылған.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 2-бөлігі бойынша Ақтау полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізімінде тіркелді. Күдіктіге қатысты тиісті мінез-құлық туралы жазылу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Сондай-ақ жоғарыда аталған автокөлік айыптұраққа қойылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: