Петропавлдағы базар маңында пневматикалық тапаншаға ұқсас затпен жүрген тұрғын ұсталды
Сурет: polisia.kz
Петропавлдың 23 жастағы тұрғынан пневматикалық тапаншаға ұқсас зат тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы каналының хабарлауынша, 17 ақпанда Петропавл полиция бөліміне "Северный" базарының жанында қолында қаруы бар күдікті ер адамның жүргені туралы хабарлама түскен.
Бұл факт Петропавл полиция бөлімінің ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді. Екі ер адам ұсталды.
Олардың бірінен, Петропавлдың 23 жастағы тұрғынынан пневматикалық тапаншаға ұқсас зат тәркіленген. Зардап шеккендер жоқ.
"Зат тәркіленіп, сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады".Polisia.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript