Ақтауда он бір көп қабатты үй рұқсатсыз салынған

Сурет: pixabay
Ақтауда прокурорлар 11 көп қабатты үй рұқсатсыз салынғанын анықтады. Бұған қоса салымшылар қаржысын заңсыз тарту бойынша 25 дерек тіркелген, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24" арнасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұдан бөлек жалпы құны 130 млн теңгеге жуық коммерциялық мақсаттағы 9 жер  мемлекетке қайтарылды. Жауапты тұлғаларға қателіктерді түзетуге уақыт берілді.

Құзырлы орган қызметкерлері шаһардың бас жоспарын жобалау кезінде заң талаптарының сақталуын тексерген. Нәтижесінде баспана құрылысына жер учаскелерін босату туралы қала әкімдігінен берілген 2 қаулының күші жойылды.

"Ең біріншіден, әкімшілік жауаптылық мәселесі бар. Егер де осы заң бұзушылықтарды құрылыс мекемелері жоймаса, онда құрылысты бұзу мәселесі қаралады. Жергілікті атқарушы органға салынып жатқан құрылыс мекемелеріне мониторингті күшейту және бас жоспардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды". Облыстық прокуратураның басқарма басшысы Мерген Меңдіғалиев,


Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз