Құбыры жарылған Балқаш қаласының тұрғындарына су беріле бастады

Сурет: Zakon.kz
Балқашта су құбыры желісінде екі рет апат болып, қала тұрғындарының басым бөлігі сусыз қалған еді. Ал бүгін желіде балқаштықтар краннан су аққанын айтып, сүйінші хабар таратты. Бұл ақпаратты қала әкімі де растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жерлестеріміз бүгіндері әлі сүйінші сұрап, үйіндегі краннан аққан суық судың видеосын таратып жатыр. Бұл арада құбыр желісінде ақау орын алмас үшін су біртіндеп беріліп жатқанын баса айта кеткім келеді. Сондықтан, кімде су жоқ, уайымдамаңыздар, жақында ол болады", деп жазды Балқаш қаласының әкімі Қайрат Камзин Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетсек, 4 сәуірде  Балқаш қаласында бас сорғы станасы маңындағы магистарлды су құбыры жарылған болатын. 6 сәуірде апаттың салдары жойылғаны хабарланған. Алайда 7 сәуірде құбыр желісінде тағы апат орын алды.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі