"Алматыға алапат дауыл таяп келеді". Желідегі ақпаратқа қатысты синоптиктер түсінік берді

Сурет: unsplash
2023 жылы 11 сәуірде мессенджерлерде Алматыға алапат дауыл таяп келе жатқаны туралы ақпарат пайда болды. Синоптиктер бұл ақпараттық хабарламаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

WhatsApp арқылы тараған хабарламада метеорологиялық қызмет Алматы қаласына алапат дауыл келе жатқанын растайды. Сондай-ақ, метеорологтар ол арада қатты жел мен нөсер жаңбыр ғимараттар мен инфрақұрылымдардың бүлінуіне, сондай-ақ электр қуаты сымдарының үзілуіне әкеліп соғуы мүмкін екендігін ескертеді-мыс.



Сурет: Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі



Бұл ақпараттық хабарламаға қатысты қазақстандық синоптиктер түсінік берді.


"Whatsapp мессенджері арқылы Алматыға жақындап келе жатқан дауыл туралы тарап жатқан ақпарат - жалған". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Синоптиктер ауа райы болжамы туралы сенімді ақпарат "Қазгидрометтің" ресми сайтында қолжетімді екенін еске салады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды