Арыстанбек Мұхамедиұлы үйқамаққа шығарылмайтын болды

Сурет: primeminister.kz
Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы тергеу изоляторында қалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Судья Арыстанбек Мұхамедиұлы ауыр қылмыс жасады деп айыпталып отырғанын, тергеу судьясының шешімінен сотталушының бостандықта болуы істі объективті қарауға кедергі жасауы мүмкін екенін атап өтті.

Соттың пікірінше, Мұхамедиұлының сырқаты бұлтартпау шарасын өзгертуге негіз бола алмайды. Сотталушы тергеу изоляторында медициналық көмек ала алады.

"Сот адвокат Төлеевтің Мұхамедиұлының бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады". Судья Бағлан Ыдырысов

Бұған дейін Мұхамедиұлының адвокаты Мұстақым Төлеев сотталушының денсаулығына байланысты Арыстанбек Мұхамедиұлының бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстыруды, сондай-ақ қорғауындағы азаматқа қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұраған болатын.

Арыстанбек Мұхамедиұлы жақында екінші рет ота жасалғанын айтты.

2022 жылы 29 мамырда Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынғаны белгілі болды. Оған халықаралық көрмелерге бөлінген 140 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген айып тағылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті