Атырауда құтқарушылар екі апта бұрын жоғалып кеткен оқушы қызды іздеп жатыр

Сурет: Zakon.kz
Атырауда екі апта бұрын жоғалып кеткен қыз іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

15 жасар қыз 2023 жылғы 6 сәуір күні үйінен ата-анасына ескертпестен белгісіз бағытқа шығып, кері оралмаған.

Ведомсто өкілдерінің хабарлауынша, 7 сәуірден бастап Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Осы уақытқа дейін Атырау облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері жалпы ауданы 730 шаршы метрден астам су асты сүңгу жұмыстарын жүргізді", – дейді Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Іздестіру-жұмыстарына құтқарушылар, жасөспірімнің туыстары, еріктілер және жергілікті тұрғындар қосылып, Жайық өзенінің жағалауларына барлау жұмыстарын жүргізді.

"Бүгінгі күні Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты және ағыс жылдамдығы мен желдің екпіні қатты болғандықтан, сүңгу жұмыстары тоқтатылды".Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі

ТЖД өкілдері жасөспірімді құрлықта іздеу әлі жалғасып жатқанын мәлімдеді.


Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі