АҚШ-тың Флорида штатында баланы зорлағаны үшін сотталғандарды өлім жазасына кесетін заң жобасы қабылданды

Сурет: pixabay
Флориданың заң шығарушылары балаларға жыныстық озбырлық жасағаны үшін сотталған адамдарды өлім жазасына кесетін заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Флорида штатынан сайланған сенатор Рон де Сантис 12 жасқа дейінгі балаларға қарсы жыныстық қылмыстарды тоқтату туралы ұсынысты қолдағаннан кейін заң жобасы өтті, деп жазды New York Post.

Штат Сенатының азшылдар көшбасшысы Лорен Бук пен республикашыл сенатор Джонатан Мартин екі партиялық заң жобасын бірлесіп жазды. Олар балаларға жыныстық зорлық-зомбылық жасайтын адамдар қылмысын қайталауы мүмкін, сондықтан олар қатаң жазаға лайық деп санайды.

"Біз балаларды зорлағандарға өлім жазасын санкиялап отырмыз. Менің ойымша, ол адамдардың кейбірі сериялы зорлықшыларға айналуы мүмкін. Менің ойымша, өлім жазасы – мұндай жағдайда жалғыз қолайлы жаза", – дейді Рон де Сантис.

Сондай-ақ, заң жобасы алқабилерге кемінде  8-4 дауыс беру арқылы өлім жазасын тағайындау құқығын береді. Бұрын өлім жазасын тағайындау үшін бірауыздан шешім қажет болатын.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты