Қаржылық мониторинг агенттігі Chia Tai Tianqing қаржы пирамидасын құру фактісі бойынша тергеу бастады

Сурет: freepik
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті Chia Tai Tianqing қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кәсіпорын тағамдық қоспалар мен басқа да дәрі-дәрмектерін өндіруге инвесторлардан қаражат тартқан. Өзінен кейін адамдарды алып келген салымшыларға бонус төлеу уәде етілді.

Агенттік өкілдерінің мәлімдеуінше, Chia Tai Tianqing Қазақстан аумағында заңды тұлға ретінде тіркелмеген.

Қазіргі уақытта ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті аталған серіктестіктің екі белсенді басшысын ұстап, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа ұйымдастырушыларды анықтап табу бойынша іс-шаралар жалғасуда. 

"ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинағын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады. Егер сіз және сіздің жақындарыңыз Chia Tai Tianqing әрекетінен зардап шексе, ҚМА саll-орталығына хабарласыңыз".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстан түркі елдерімен жасанды интеллект саласындағы тәжірибесін бөлісуге дайын – Тоқаев

Астанада ер адам өзін негізсіз жұмыстан шығарған жұмыс берушісінен 7 млн теңге өндіріп алды

Шымкентте көлігінен 4 млн теңгенің заты табылған ер адам қамауға алынды