Дауыс берушілер бірауыздан А. Н-ны бұзақылық ниетпен, атыс қаруын қолдана отыра, өлтіргені үшін кінәлі деп таныған шешім шығарды. Адам өліміне жол үстінде болған келеңсіз жағдай себеп болған, сотталғанға автокөлікті тоқтатуды талап еткен кездегі жүргізушінің қылығы ұнамаған.
"2023 жылы 19 сәуірде Абай облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотының үкімімен Үржар ауылының тұрғыны А. 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ".Абай облысының прокуратурасының баспасөз орталығы
Жыл басынан бері аса ауыр қылмыстық істер бойынша сотталушылардың өтініші негізінде алқа билердің қатысумен қаралуы мүмкін, онда оларға сот шешімін қабылдау кезінде үлкен жауапкершілік жүктеледі.
Үкімді қарапайым азаматтар ар-ождан мен әделеттілікті басшылыққа ала отырып қабылдайды.