Атырау мұнай зауытының мұржасынан от алаулап, қала тұрғындары алаңдаушылық білдірді

Сурет: Facebook/Танат Нурумов
Атырау мұнай зауытының мұржасынан жарты сағатқа жуық от алаулап, бұған алаңдаушылық білдірген қала тұрғындары әлеуметтік желіде оның видеосымен жаппай бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған жайтқа қатысты "Атырау МӨЗ" ЖШС түсінік беріп, ақпараттық хабарлама таратты. 

"Атырау МӨЗ" ЖШС 2023 жылдың 27 сәуірінде сағат 16:08-де каталитикалық крекинг қондырғысында технологиялық режимнің бұзылуы орын алғанын хабарлайды.

"Авариялық жағдайларға жол бермеу мақсатында жанармай газы мәжбүрлі түрде факелге жіберілді. Сағат 16:33-те газды факелге жіберу тоқтатылды. Оқиғаның себеп-салдары анықталуда", делінген хабарламада.



Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы