Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 сәуірде таңғы сағат 5.30 шамасында Исмаил каналының 1,2 шақырымында, яғни, Жамбыл ауданы, "Дорожник" саяжайы, Горный көшесінің тұсында судың жағалауды жырып кетуі орын алды.
Каналдың шайылған жағасының ені 15 метрді, биіктігі 18 метрді құрайды. Оқиға орын алған кезде каналда 1,2 текше метр су болған. Судың 7 үйдің ауласына, 1 үйдің жертөлесіне кіргендігі анықталды.
"Қазіргі кезде су жабылып, қалпына келтіру, аулаларды тазарту жұмыстары басталып кетті. Оқиға орнында 6 мотопомпа, 10 техника, 27 адам жұмыс жасауда. 30 адам қауіпсіз жерлерге шығарылды. Арнайы комиссиямен шығындарды есептеу, төлеу жұмыстары жүргізіледі". Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек оқиға орнына барып, жағдаймен танысты. Тұрғындармен әңгімелесу жүргізілуде.