Қызылордада бірнеше дүкенге ұрлыққа түскен екі адам ұсталды

Сурет: polisia.kz
Күдіктілерді қызылордалық полицейлер бейнекамералар арқылы анықтаған. 32 және 33 жастағы қала тұрғындары уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияға 29 сәуір күні ойын орталығының қызметкері арызданған. Оның сөзінше,  белгісіз біреулер пластик терезені бұзып кіріп, 4 дана Playstation және 10 дана джостик құралын ұрлап кеткен.

Қызылорда облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Нұғман Аманжоловтың айтуынша, күдіктілерді полицейлер бейнекамералар арқылы анықтаған. Олар 32 және 33 жастағы қала тұрғындары болып шыққан.

"Айғақ заттар тәркіленді. ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр", – дейді ол.

Тексеру барысында ұрланған ақшаны күдіктілер жаратып жібергені анықталды.


Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін