Полиция Ақтауда үш баласын өлтірген жігіттің Сириядан келгені жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды

Сурет: polisia.kz
ІІМ өкілдері үш баланы өлтірді деп күдікке ілінген ақтаулық жігіттің "Жусан" операциясы кезінде Сириядан қайтарылғаны туралы учаскелік полиция айтқан ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі үш баланы өлтірді деген күдіктінің Сириядан қайтарылмағанын мәлімдеді.

БАҚ-та учаскелік полицейдің айтқанына сүйеніп, наурыз айында Ақтауда үш баласын бірдей өлтірген жігіт Сириядан "Жусан" операциясы кезінде келгені туралы ақпарат тараған еді.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Осыған орай алдағы уақытта мұндай фактілер қайталанбауы үшін қызметкермен профилактикалық әңгіме жүргізілді". Маңғыстау облысының полиция департаменті
Наурыз айында Ақтаудағы пәтерлердің бірінен 2011, 2014 және 2016 жылы туған кәмелетке толмаған балалардың мәйіті табылған еді. Кісі өлтірді деген күдікпен полицейлер олардың 36 жастағы әкесін ұстады.
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты