Алматы облысында үйдің шатыры өртеніп, бір бөлігі опырылды
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы облысының Алатау қаласы, Дәулет шағынауданындағы жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы 112 пультіне хабарлама түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылғы 20 қарашада Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде тұрғын үйдің шатыры толығымен отқа оранған. Сондай-ақ төбе жабындысының бір бөлігі опырылып түскен.
"Құтқарушылар дереу өрт сөндіруге кірісті. Жұмыс барысында сыйымдылығы 50 және 25 литр болатын екі газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды", – делінген ведомство хабарламасында.
Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Жезқазғанда өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден бір адамды құтқарған болатын. Өрт бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден шыққан.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript