Семейде полицейлер мас күйде көлік жүргізген екі жүргізушіні тоқтатты
Фото: Zakon.kz
Семейде патрульдік полиция қызметкерлері көлікті алкогольдік масаң күйде басқарудың екі дерегінің жолын кесті. Мәселен, 12 қарашада инспекторлар 50 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатты.
Медициналық куәландыру ер адамның рөлге жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде отырғанын растады.
Екі күннен кейін, 14 қарашада, полицейлер осындай құқық бұзушылықты тағы анықтады: Toyota Camry автокөлігінің рөлінде 43 жастағы қала тұрғыны болған, оның масаң күйде екенін де дәрігерлер растады. Екі құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, іс материалдары процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Полиция азаматтарды бейжай қалмауға шақырады: мас күйдегі туыстарыңыз бен таныстарыңыздың рөлге отыруына жол бермеңіздер. Егер жолда жүріс-тұрысы күдік тудыратын жүргізушіні байқасаңыз, мүмкіндігінше автокөліктің маркасын, мемлекеттік нөмірін және қозғалыс бағытын көрсетіп, дереу "102" арнасына хабарлаңыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript