Семейде полиция мас жүргізушіні анықтады

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2026 12:56 Фото: Zakon.kz
Семейде "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында патрульдік полиция қызметкерлері көлікті алкогольдік масаң күйде басқарудың кезекті дерегінің жолын кесті.

Гагарин көшесінде полиция қызметкерлері LADA Priora автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында 29 жастағы жүргізушіден алкогольдік масаңдық белгілері байқалды.

Медициналық куәландыру оның алкогольдік масаң күйде болғанын растады. Жүргізушінің құқық бұзушылығы мен полиция қызметкерлерінің әрекеттері жетондық бейнетіркегішке жазылды.

Жүргізушіге қатысты көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін әкімшілік материал рәсімделіп, шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: