Мал ұрлығы: Атырау облысында 400-ге жуық шаруа қожалығы тексерілді
Фото: Zakon.kz
Атырау облысының аумағында 16-18 қараша күндері мал ұрлығының алдын алу, оны анықтау және ашу, сондай-ақ қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау мақсатында "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында 200-ден астам автокөлік, мал және ет өнімдерін сататын 91 орын мен 369 шаруа қожалығы тексерілді.
Тексеру кезінде ішкі істер органдарында тіркелмеген 2 аңшылық қаруы тәркіленіп, азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ мал мен ет өнімдерін құжатсыз тасымалдаудың 11 дерегі және ауыл шаруашылығы жануарларын қараусыз жаюдың 70-ке жуық дерегі анықталып, тиісті шаралар қабылданды.
Полиция қызметкерлері мал ұрлығының алдын алу, ауыл шаруашылығы жануарларының сақталуын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарға жол бермеу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруда.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript