4 мамырда судья Кемеңгер Имашев жариялаған үкімге сәйкес, кәсіпкер Тұрсенғали Алагөзовтің материалдық және моральдық шығынды өндіру туралы азаматтық талап арызы ішінара қанағаттандырылады.
Сатыбалды Гүлмирадан жәбірленуші Алагөзов Тұрсенғалидың пайдасына 40 млн 355 мың 912,41 теңге немесе "Galanz bottlers" АҚ заттай акциясының 43,25 пайызын қайтару арқылы 6 млрд 584 млн 244 мың 088 теңге материалдық шығын өндірілсін. (Алагөзовтің пайдасына – ред.) 1 млн теңге моральдық залал өндірілсін. Сонымен қатар мемлекет кірісіне – 65 млн 844 мың 166 теңге мемлекеттік баж салығы өндірілсін". Судья Кемеңгер Имашев
Жәбірленуші Айгүл Мекешеваның азаматтық талап арызы бойынша іс жүргізу медиация келісімін жасауына байланысты тоқтатылды.
Сондай-ақ сот үкімі бойынша Гүлмира Сатыбалдыдан мемлекет кірісіне 1 миллион 120 мың 841 теңге, Мәди Батыршаев пен Рашид Өтебековтен де тура осындай сома өндірілмек. Бұл қаражат процессуалдық шығындарды жабу үшін мемлекет шотына түседі.
Сонымен қатар сотталған Сатыбалды, Батыршаев және Өтебековтен жәбірленушілердің өтемақы қорына 55 560 теңге көлемінде 20 АЕК мәжбүрлі төлем өндірілмек.
Кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды 2022 жылы 16 наурызда ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Қазақтелеком»" АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және аса ірі көлемдегі қаражатты жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істі тергеді.