Беларусь бас бостандығынан айырылған екі адамды Қазақстанға берді

Сурет: видеодан скриншот
Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы Беларусь соты бас бостандығынан айыруға соттаған Қазақстан Республикасының екі азаматын беру туралы сұранысын қанағаттандырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, "К" есімді азамат Беларусияда аса ірі мөлшерде пара бергені үшін 5 жылға, "М" есімді азамат жеке құжаттарды ұрлағаны, тонағаны және ұрлық жасағаны үшін 7 жыл 6 айға сотталған.

"Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен бұл азаматтарды жазасын одан әрі қарай өтеу үшін Қазақстанға жеткізді".ҚР  Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта олар Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Қазақстан
Беларусь
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Құрылтай құрамына кімдер енді: саяси партиялар кандидаттар тізімін жариялай бастады

Аудит нәтижесі: Қазақстан атынан шетелге баратын спорт делегациясы қатаң іріктелетін болды

Boeing ұшағы Атлант мұхитының үстінде белгісіз себеппен апаттық сигнал берді

Алматыда қыркүйек қандай болады: күзгі салқын қашан келеді және "күзгі жылымықты" күтуге бола ма