Қарағанды ​​тұрғыны ойын клубына ойыншық мылтықпен шабуыл жасағаны үшін бес жылға сотталды

Сурет: pixabay
Қарағандыда ойын клубына ойыншық тапаншамен шабуыл жасап, төрт миллион теңгеге жуық ақшаны тонап кеткен жергілікті тұрғынға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Патриот" telegram арнасының жазуынша, сотталған азамат бұл мекеменің тұрақты клиенті болған. Оқиға болған күні ол туысының көлігін сатып, түскен ақшаны бермей, ойын клубына барған. Ол ойынқұмар болған. Сол күні ол көліктен түскен үш миллионды түгел ұтқызып жіберген.

Ұтылғаннан кейін көп ұзамай ол мекемеге қайта келіп, қызметкерлерді қарумен қорқытып, шабуыл жасаған. Кейін қаруы ойыншық екені белгілі болды. Алайда қылмыскер муляждың көмегімен кассадағы 3,9 миллион теңгені алып, қашып кеткен.

Полицейлер қылмыскерді тез арада қолға түсірді. Қазыбекби аудандық сотының үкімімен сотталушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұған қоса ол ойын клубына 3 миллион 900 мың теңгені қайтарып берді.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз