Павлодарда өртенген үйден жасөспірім баланың денесі табылды

Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
11 мамырда сағат 02: 00 шамасында Галицкое ауылындағы Интернациональная көшесіндегі жеке тұрғын үйден өрт шыққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pavlodarnews.kz мәліметінше, өрт сөндірушілер келіп жеткенде бес бөлмелі кірпіштен жасалған тұрғын үй отқа оранып, жартылай қираған шатырдың ағаш құрылымдары, тұрмыстық заттар, жиһаздар жанып жатқан.

Өрттің жалпы ауданы 250 шаршы метрді құрады. Өз бетімен төрт адам эвакуацияланған. 

"Өрт салдарынан зардап шеккен 1986 жылғы үй иесі Павлодар қаласындағы №1  ауруханаға жатқызылды. Ер адамның денесін ІІ-ІІІ дәрежелі 30 пайыз күйік шалған,  жағдайы орташа ауыр деп бағаланады. Тілсіз жау сағат 03.52-де оқшауланып, сағат 04.40-та сөндірілді. Сағат 05.05-те  дәліздегі үй құрылыстарын бөлшектеу және өртті жою кезінде 2012 жылғы ер баланың денесі табылды". Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінен үш техника мен 7 қызметкер, сондай-ақ 101 және 103 қызметтері жұмылдырылды.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды