11 мамыр күні сот болды.
"2022 жылғы 28 қазанда әйел үйінде жаңа туған баласын тыныштандырмақ болып, оны еденге лақтырып жіберген, содан кейін ашулы күйде жұдырығымен оның маңдайы мен басының артқы тұсынан әдейі екі рет ұрған. Бала қатты соққыдан жабық бас ми жарақатын алған. Алған дене жарақаты салдарынан жаңа туған нәресте көз жұмд", – делінген хабарламада.
Әйел кінәсін мойындамай, бас бостандығынан айырмауды сұрады.
Оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын жалпы режимдегі түзеу мекемесінде өтейтін болды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.