Қызылордада жалдамалы пәтердегі төбелес: Полиция суық қару қолданғандарды ұстады

13 мамыр таңғы сағат 7 шамасында көпқабатты тұрғын үй ауласында белгісіз азаматтар жанжалдасып, төбелес кезінде қару қолданған. Төбелеске қатысқан бірнеше азамат ұсталып үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция жалдамалы пәтерде бірнеше таныс азамат бір-бірімен сөзге келіп, кейін пышақ және травматикалық қару қолданып,төбелескенін, кейін барлығы оқиға орнынан бой тасалағанын анықтады. 

Екі күдікті қала аумағында ұсталса, тағы екеуі автокөлікпен Самара-Шымкент тас жолында құрықталды.

Қалған күдіктілерді анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Ұсталғандар Шымкент қаласының және Маңғыстау облысының тұрғындары болып шықты.

Оқиға орнынан және автокөліктен айғақты заттар алынды. Екі адамға медициналық көмек көрсетілді.

ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.



Сурет: Telegram/POLISIA.KZ


Сурет: Telegram/POLISIA.KZ


Сурет: Telegram/POLISIA.KZ


Қызылорда
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: