Ұлдары ақша үшін ұрып-соққан: Қазақстандық қария көпшіліктен пана сұрауда
Фото: pexels
Сондай-ақ, ер адамның сөзінше, олар оның құжаттарын да тартып алған.
Жәбірленушінің өтініші әлеуметтік желіде блогер Әділ Бейсенбаевтың парақшасында жарияланды.
Ер адам әңгімесін жалғастыра отырып, шабуыл жасағандар жауапкершілікке тартылғанымен, тек қысқа мерзімге ғана жазаланып, босап шыққаннан кейін қайтадан зорлық-зомбылық әрекеттерін жалғастыратынын айтты.
Оқиғалардың бірінде әкесін қорғамақ болған тағы бір ұлы пышақ жарақатын алған. Ал тағы бір жағдайда көршілер дер кезінде көмекке келген.
Zakon.kz тілшісі Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен пікір сұрады.
Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 12 ақпанда Ақсу ауданының 62 жастағы тұрғынының арызы негізінде дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Тергеу барысында заңға қайшы әрекеттерді оның 31 және 34 жастағы екі ұлы жасағаны анықталды. Сот үкімімен олар кінәлі деп танылып, әрқайсысына қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды. Сонымен қатар, істі қарау барысында сот олардың мінез-құлқына 3 ай мерзімге ерекше талаптар белгіледі, оның ішінде жәбірленушіге жақындауға тыйым салынды", – деп хабарлады Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта, полицияның мәліметінше, аталған азаматтар қамауда отыр.
Құқық қорғау органдары олардың бостандыққа шыққаннан кейін профилактикалық есепке алынатынын да атап өтті.
"Жағдай полицияның бақылауында", – деп толықтырды ведомство.
Еске салсақ, осыған ұқсас жағдай Түркістан облысында да болып еді. Онда 40 жастағы ер адам жұбайымен бірге жылдар бойы қарт әкесін қорлап, ұрып-соғып келген. Ол тіпті қарияны қан-жоса етіп сабап, үйдің ауласында сүйреген. Жантүршігерлік кадрларды көршісі таспалап, полицияға өткізген. Көрген қорлығы мен алған жарақаттары салдарынан қария желіде тараған видеодан кейін көпке бармай жан тәсілім етті. Белгілі болғандай, тергеу барысында ұрып-соғу әрекеттері жүйелі түрде болғаны және кейде кәмелетке толмаған балалардың көзінше жасалғаны анықталды. Нәтижесінде түркістандық тұрғынға Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылды: дәрменсіз күйдегі адамды азаптау және денсаулыққа қасақана зиян келтіру. Осылайша, сот шешімімен ер адам 5 жылға абақтыға қамалды.