Елдегі 56 ЖЭС-ке техникалық аудит жүргізілді

Сурет: Zakon.kz
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымының тозу деңгейін орта есеппен 20%-ға төмендету жоспарланып отыр. Бұл жайында Үкіметте өткен жиында белгілі болды.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың дерегінше, 145 мың шақырымнан астам инженерлік желі жөндеуді қажет етеді. Биыл 5 мың шақырымын қолға алмақ.

Осыған байланысты тарифтерді кезең-кезеңімен өзгерту жоспарланған. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев болса, республиканың 56 жылу электр станциясына техникалық аудит жүргізілгенін баяндады. Оның қорытындысы осы айдың аяғында белгілі болатынын жеткізді, деп жазады qazaqstan.tv.

Өңірлерде жүріп жатқан инфрақұрылымды жөндеу жұмыстары туралы жергілікті әкімдердің де есебі тындалды.

Дегенмен Премьер-Министр «коммуналдық қызметтердің сапасына қатысты Президенттің және халықтың тарапынан орынды сын естіп келеміз. Алдымыздағы жылыту маусымында өткен қыста орын алған төтенше жағдайларға жол бермеу керек. Сұраныс қатаң болмақ», — деді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады