Солтүстік Қазақстан облысында найзағай малшыны атымен қоса мерт қылды

Сурет: pexels
Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында 31 жастағы ер адамды найзағай ұрып, мерт қылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлердің мәліметінше, 2023 жылғы 25 мамырда СҚО Аққайың аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Аққайың ауданы Дайындық және Ленинское ауылдарының арасында 31 жастағы ер адамның мәйіті табылғандығы туралы телефон арқылы хабарлама түскен.

Ол мал бағушы ретінде жұмысқа орналасып, жайылымда мал бағып жүрген.

"Ер адамға найзағай түскені анықталды," – делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Салдарынан ол атымен қоса сол жерде қаза тапқан.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі