Петропавлда Honda Fit аялдамаға қойып кетіп, үш адам зардап шекті

Сурет: Zakon.kz
Петропавл қаласында көлік аялдама павильонына соғылып, салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

26 мамырда Петропавл қаласының 45 жастағы тұрғыны Honda Fit көлігімен Lifan маршруттық автобусымен соқтығысқан.

Салдарынан  Honda Fit көлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, Жамбыл көшесіндегі ішінде адамдар болған аялдама павильонына барып соғылған.


"Жедел жәрдем қызметкерлері түрлі медициналық мекемелерге үш адамды жеткізді. Тексеру нәтижелері бойынша зардап шеккен әйелдердің бірі облыстық ауруханаға жатқызылды. Жүргізушілерге медициналық тексеру жүргізілді, алдын-ала мәліметтер бойынша, екі жүргізуші де мас болмаған. Көлік құралдары арнайы айып тұрағына қойылды". Петропавл қалалық ПД баспасөз қызметі

Аталған факті ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сараптамалар тағайындалды, анықтау жүргізілуде.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты