Hit beat music деп аталатын қаржы пирамидасын ұйымдастырушы қамауға алынды

Сурет: freepik
Қаржылық монитринг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Hit beat music деп аталатын қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттіктің мәліметінше, ұйымдастыруға күдікті жарнамалық шоу-презентацияларды өткізу кезінде ұсталған.

"Hit beat music (HBM Group) инвестициялар саласындағы ақпараттық-талдамалық компания ретінде жасырынып, өзінің заңсыз қызметін жүзеге асыратыны анықталды".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Компания сенгіш азаматтарға тұрақты сыйақы алуға кепілдік беретін канадалық музыкалық инвестициялық жобаларға ақша салуды ұсынған.

Сондай-ақ ведомство өкілдері Hit beat music (HBM Group) Қазақстан аумағында заңды тұлға, өкілдік және филиал ретінде тіркелмеген, сондай-ақ ашық банктік шоты жоқ екенін атап өтті.

Тіркелген пайдаланушылардың жалпы саны 2300-ден асқан. 

"Салымшылардың жарналары кіріс кассалық ордерлерін ресімдемей қолма-қол нысанда жүргізіліп келген. Қазіргі уақытта Hit beat music ұйымдастырушысына қатысты 2 айға дейінгі мерзімге "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

 Қаржылық мониторинг агенттігі мен прокуратура органдары азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырды.

"Егер сіз және сіздің жақындарыңыз "Hit beat music" қызметіне тап болса, ҚМА call орталығына хабарласуыңызды сұраймыз", – делінген хабарламада.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды