БҚО-да аудан судьясының көлігі өртенді

Сурет: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауылында белгісіз біреулер аудан судьясы Ілияс Іргебаевтың көлігін өртеп кетті. Көлік өрт сөндірушілер келгенше сөндірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

31 мамырда түнде Жаңақа ауылындағы Тәуелсіздік көшесі, 14-үйдің жанында Toyota Camry көлігі өртеніп кеткен.

"Артқы капот, артқы бампер және артқы сигнал шамдары жанып кетті. Автокөлік газ жабдықтарымен жабдықталмаған, өрт сөндіргіш пайдаланылмаған. Өрт өрт сөндірушілер келгенше ауыздықталды", деп мәлімдеді БҚО ТЖД "Уральская неделя" басылымына.

Полицейлер көлікке белгісіз біреу өрт қойып кеткенін, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, полицейлер көліктің жанынан бензин құйылған пластик бөтелке мен қамыс тапқан.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады