"Диплом алуға бара жатқан". Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты

Сурет: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
Lada Largus пен жүк көлігі соқтығысып, салдарынан жеңіл көліктегі жолаушылар қаза тапты. Опат болғандар мен зардап шеккендердің арасында Оралдағы мектептердің мұғалімдері де бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

1 маусымда Самара - Шымкент тас жолының 594 шақырымында жол апаты орын алып, оқиға орнында үш адам қаза тапты. Белгілі болғандай, ауыр жүк көлігімен соқтығысқан 27 жастағы жеңіл көліктің жүргізушісі жол апатына түрткі болған. Салдарынан Lada Largus-тағы барлық жолаушы зардап шекті.

"Мой город" порталының хабарлауынша, жеңіл көлікте Ақтөбеде оқитын Оралдағы бірнеше мектептің мұғалімдері болған. Педагогтар диплом алу үшін жоғары оқу орнына бара жатқан, деп нақтылайды басылым.

"Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, қаза тапқандардың бірі №47 мектепте педагог-дефектолог болып жұмыс істеген. Тағы екеуі №5 және №9 орта мектепте жұмыс істейді, олар тірі, бірақ Қобда аудандық ауруханасында ауыр жағдайда жатыр. Тағы бір зардап шегуші қалалық түзету кабинетінде сурдопедагог болып жұмыс істейді. Алдын ала мәліметтер бойынша, дәрігерлер оның жағдайын да ауыр деп бағалайды", – делінген хабарламада.
Ақтөбе
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды