Балқаштағы төтенше жағдайдан кейін арнайы комиссия құрылды

Сурет: видеодан скриншот
Балқаш қаласында 2023 жылғы 5 маусымда кешкі уақытта қатты жел көпқабатты үйлердің бірінің шатырын құлатты, салдарынан бір адам зардап шекті. Қала әкімінің орынбасары Руслан Сыздықов үйіндіні шығару жұмыстары аяқталып қалғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, шатыр жауып тастаған жолды ашу жұмыстары сегіз сағаттың ішінде аяқталды. Бұл жұмысқа Төтенше жағдайлар министрлігінен, Ішкі істер министрлігінен, жергілікті атқарушы органдардан, коммуналдық және жол қызметінен барлығы 153 адам мен 12 техника жұмылдырылды.

"Қала әкімдігі төтенше жағдайға атсалысқандардың барлығына алғысын білдіреді! Барлық зардап шеккендер бойынша қала әкімінің өкімімен тиісті комиссия құрылып, акт жасалады" – деді Руслан Сыздықов.

6 маусымқа қараған түні Балқаш қаласында соққан қатты дауыл Қараменде би көшесіндегі бес қабатты үйдің шатырын құлатқан. Салдарынан екі көлік құлаған шатырдың астында қалды. Жүргізушілердің бірі ауруханаға жеткізілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1940 жылы серуендеп жүрген бозбала 17 мың жылдық тарихы бар құпия үңгірді тауып алған

Мақпал Жүнісова оқырмандарын желідегі жазбасымен ойландырып қойды

Шымкентте сот приставын бір топ қаскөй сот ғимараты алдында сабап кетті

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

2 наурызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды