Катонқарағай қорығына кіруге уақытша тыйым салынды

Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Өрт қаупінің артуына байланысты Катонқарағай қорығына кіруге уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Катонқарағай ұлттық паркінің аумағында жоғарғы өрті класының орын алуына байланысты, орманшылық кеңселерінде жылжымалы ұтқыр топтар ұйымластырылып кезекшілік қойылды. Жергілікті халық және туристердің орман қорына кіруіне шектеу қойылды", делінген ресми хабарламада.


ТЖД мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында 8 маусымда күннің күрт ысуына байланысты ескерту жарияланды, ауа температурасы 41 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Төтенше өрт қаупі де сақталады. Өрттің алдын алу мақсатында өрт сөндірушілер, орманшылар, полиция, жергілікті атқарушы органдар қатарынан 46 мобильді топ құрылды.

Өрт анықталған жағдайда "101" және "112" нөмірлеріне хабарлау қажет.

Бұған дейін "Бурабай" және "Марқакөл" қорықтары биосфералық резерваттардың ғаламдық желісіне енгізілгені белгілі болды.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз