Абай облысы әкімінің орынбасары: Үш ауылға қауіп төніп тұрған жоқ

Сурет: Zakon.kz
Талица, Половинка және Каштак ауылдары орманнан аулақ орналасқан, сондықтан оларға тікелей өрт қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл туралы Абай облысы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өзіндік қиындықтарға қарамастан, өрттің жалпы жағдайы бақылауда екендігін айтады.

"Батпаев және Каштак бағыттарында 9 тікұшақ, ТЖМ, Қорғаныс министрлігінің жалпы күштері мен құралдары жұмылдырылған. Ауа райына, аптап ыстық пен желге байланысты өрттің екі ошағы қайта өрши түсті, сондықтан адамдарды эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Кешеден бері барлығы тұрақты, бірақ ауа райы өрттің оқшаулануы туралы айту әлі ертерек екенін байқатып отыр". Дмитрий Гариков

Өрт жақын маңда болып жатқандығына қарамастан, Талица және басқа да елдімекендер қауіпсіз жағдайда.

"Талицада да осындай жағдай, ол арада бәрі қиындап тұр, өртпен күрес жүріп жатыр. Бірақ Талицаның өзіне, сондай-ақ Половинка мен Каштакқа қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл елдімекендер орман қорының шегінен тыс орналасқан, онда да жолдың арғы жағында. Жерновкаға да қауіп жоқ, өйткені ауыл маңы жыртылып тасталған". Дмитрий Гариков

Куәгер Zakon.kz редакциясына Талица ауылының маңында түсірілген видеоны жолдады. Онда ауыл маңында түтеп жатқан қалың түтінді көруге болады.  


Абай облысындағы өрт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды