Түркістан облысында оқушылар жаппай төбелес шығарды

Сурет: pixabay
Қазнетте Түркістан облысындағы мектеп оқушыларының жаппай төбелесінің видеосы тарады. Zakon.kz сайтына облыстық полицияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 11 маусым күні болған.

"4 адам зардап шекті. Олардың бірінің жағдайы ауыр", – деп жазыпты бейнежазбаны таратқан автор.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 11 маусым күні Қазығұрт ауданындағы ескі ипподромда футбол ойынынан кейін мектеп оқушылары арасында төбелес болған.

"Тексеру барысында ауруханаға ешкім бармағаны және полицияға арыз түспегені анықталды. Сондай-ақ бейнетаспаға түсірілген бірнеше жігітті анықтап, жауап алынды. Полиция барлық мән-жайды тексеріп, анықтап жатыр. Бұл фактіні облыстық полиция департаменті басшылығы бақылауға алды". Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Полицейлер жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар мен түсіндірме жұмыстарын ұдайы жүргізілетінін атап өтті.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды