Абай облысындағы өрт қашан толық сөндіріледі

Сурет: ҚР ТЖМ
15 маусымдағы сенат отырысында журналистер Төтенше жағдайлар министрлігінің бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаевтан Абай облысындағы өрт қашан сөндірілетінін сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, Абай облысындағы өрт жақын арада жойылады.

"Шамамен төрт-бес күнде жойылуы мүмкін.Ибрагим Күлшімбаев

Сонымен қатар журналистер Төтенше жағдайлар вице-министрінен ведомствода неліктен өртті сөндіруге арналған ұшақтар жоқ екенін сұрады.

"Ұшақтар жоқ, өйткені бұл үшін ақша сұрадық, бірақ оған қаржы қарастырылмады. Сондықтан әлі ұшақтар сатып алған жоқпыз".Ибрагим Күлшімбаев

Ол ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде 33 тікұшақтың су төгу құрылғысы бар екенін, бірақ оның 16-ға жуығы өртті сөндіруге қабілетті екенін түсіндірді.

"Қалғандары іздестіру жұмыстарына, барлау жұмыстарына арналған. Бірақ олардың барлығы қозғалыста бола алмайды, өйткені кейбір жоспарланған жұмыстар жүріп жатыр. Сондықтан олардың тең жартысы үнемі жөндеуде".Ибрагим Күлшімбаев

Абай облысындағы өрт 8 маусымында қайта тұтанды. Кейінгі мәліметтер бойынша, 60 мың гектар орман өртеніп кетті. 14 адам қайтыс болды.

14 маусымда Абай ауданындағы өрттің локализациясы туралы белгілі болды. Толық жойылғанға дейін локализацияланған ошақтарға су төгу, өрттің шетін топырақпен толтыру жүргізіле береді.

Қазақстан
Абай облысындағы өрт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін